Қазақстандықтар утилизацияға қанша көлік тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы аясында 46 мыңнан астам автомобиль утилизацияға тапсырылды. Соның ішінде 7 мың адам ақшаны емес, жеңілдік куәлігін таңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оператор РОП» ЖШС ұсынған мәліметке сәйкес, 2016 жылдың 21 қарашасы мен 2017 жылдың 28 желтоқсаны арасында республика бойынша 39 742 ескі көлік қабылданды. Аталған бағдарламаның екінші кезеңі - автосалондардан жаңа көлікті сатып алуға жеңілдік беретін куәліктер жүйесі аясында тағы 7 095 көлік утилизация орталықтарына жеткізілді. Жалпы, 46 837 көлік тапсырылды.

Айта кетейік, бүгінде ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы бойынша қолма-қол ақшаны немесе жеңілдік куәлігін алуға болады. Қолма-қол берілетін ақшаның сомасы 150 мың теңгеге дейін жетеді. Ол автомобильдің комплектациясына байланысты. Ал жеңілдік куәлігі көліктің моделіне (жеңіл көлік, жолаушылар пен жүк көлігі) қарай 315 мың теңгеден 650 мың теңгеге дейін беріледі. Екі куәлікті қосып, автосалоннан бір көлік алуға да болады. Жеңілдік куәлігі 12 айға дейін жарамды.

Соңғы жаңалықтар