Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Қазақстандықтар үшін ең қолжетімді ТОР-10 автомобильдер

2018 жылғы 25 маусым 15:44 188
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар үшін ең қолжетімді ТОР-10 автомобильдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстанда 165,5 млрд теңгеге 20 620 жаңа жеңіл автокөлік сатып алынды. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда есірткі шегіп алып көлік айдаған жүргізуші ұсталды 2,7 млн теңгеге алынған самокаттар «Алматы су» бақылаушыларының жұмысын жеңілдетеді

«Мамыр айында жеңіл автокөліктің орташа құны 8 875 116 теңгені құрады және биылғы қаңтармен салыстырғанда, 14 пайызға өсті. Отандық зауыттан шыққан көліктің орташа бағасы 5 374 439 теңге сомасында қалыптасты», - деп атап өтілген хабарламада.

Қаңтардағы сатылымдарға қарағанда, мамырда бюджеттік сегменттің қысқаруы тіркеліп, керісінше, қымбат көліктердің сегменті артты. Осы орайда, қазақстандық нарықта 3,5 млн теңгеден арзан көлік модельдеріне сұраныс 28,7-ден 13,5 пайызға дейін қысқарды. Мамырда автонарықтың төрттен бір бөлігінен астамын (28,7 пайызы) 5-7 млн теңге аралығындағы автомобильдер құрады. Ал бизнес-санаттағы көліктер (10-15 млн теңге)  сегменті де 7,9-дан 20,5 пайызға дейін өсті.

«Жалпы, 2018 жылдың 5 айында қазақстандық нарықта сұранысы жоғары модельдер арасында құны 3,5 млн теңгеден арзан көліктер басымырақ болды. Олардың үлесіне сатылған автомобильдердің 20,9 пайызы немесе 4 302 автокөлік тиесілі болды. Одан кейінгі орында 20,4 пайыздық деңгеймен 5-7 млн теңгеге бағаланған көліктер шықты. Ал сатып алушылардың 19,6 пайызы 3,5-5 млн теңгені құраған автомашиналарды таңдады. Сонымен қатар, аталған мерзімде сатылған көліктердің 16,6 пайызы 7-10 млн теңге шамасында бағаланған», - делінген хабарламада.

Қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша қолжетімдігі жоғары модельдердің рейтингінде отандық және импорттық автокөліктер де өтім болды. Баға жағынан 2,59 млн теңгеден басталатын Lada Granta-ға таңдау көбірек түскен.

Ең қолжетімді автомобильдердің ТОР-10 қатарына Ravon R2 (2,78 млн теңге), Ravon Nexia (2,8 млн), Lada 4x4 (3,11 млн), Ravon R4 (3,25 млн), Lada Kalina (3,34 млн), Renault Logan (3,55 млн), Ravon Gentra (3,73 млн), Lada Vesta (3,79 млн) және Lada 4x4 pickup (3,86 млн) енді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Көлік, Экономика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT