Қазақстандықтар үнді шайын ішуден әлемде бесінші орында

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Үндістаннан экспортталатын шайдың 5 пайызын Қазақстан тұтынады. Бұл туралы Үндістанның сауда министрлігі жанындағы Шай кеңесінің даму директоры Сакир Хусейн айтты.

Оның айтуынша, жақында үнді шайын сүйіп ішетін қазақстандықтар үшін «Үнді шайы» сайты ашылды. Жаңа портал шайқұмарлар мен қарапайым тұтынушыларға, бизнес-қауымдастықтарға арналған. «Қазақстандықтар Үндістаннан сыртқа экспортталатын шайдың 5 пайызын тұтынады. Қазақстан Үнді шайын тұтыну бойынша әлемде Ресей, БАӘ, Ұлыбритания, Ираннан кейінгі бесінші орында тұр. Мұнда жылына 12,61 млн кг шай импортталады. Бір қазақстандық жылына 1,5 кг шай, күніне 5-6 кесе шай ішеді екен», - деді СакирХусейн. Жаңа портал арқылы қазақстандықтар шай саласындағы соңғы жаңалықтармен, сапалы тауарды жеткізушілер туралы ақпаратпен таныса алады.

Соңғы жаңалықтар