Қазақстандықтар ұлттық компаниялардың акцияларын сатып ала алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық IPO» бағдарламасын жаңғыртуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтық IPO» бағдарламасын қайта жаңғыртып, акцияларды, ең алдымен, жеке тұлғаларға, яғни, Қазақстан азаматтарына сату керек. Еліміздің әрбір азаматында ұлттық байлықтың бір бөлігін иелену мүмкіндігі болуы қажет», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

ҚР Президенті IPO құралдарын мейілінше кең пайдаланудың қажеттігін айта келіп, жекешелендіру мәселесінде бұл тетікке басымдық беруді атап өтті. Айта кетсек бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің үшінші отырысы өтті. Іс-шараның күнтәртібіне Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың ұлттық жоспарын, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін, 2030 жылға дейін мемлекеттік бсқаруды дамыту тұжырымдамасын, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарын әзірлеу, сонымен қатар шұғыл реформалар топтамасы мен халықтың ұлттық санағын өткізу мәселелері кірді.

Соңғы жаңалықтар