Қазақстандықтар Ұлттық банктің құнды қағаздарына 987,4 млн теңге инвестициялады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар «Invest Online» - қаражатты ыңғайлы және қарапайым инвестициялауға арналған инновациялық жүйе арқылы Ұлттық банк облигацияларына 987,4 млн теңге инвестициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл инноациялық жүйе былтыр наурызда іске қосылған болатын.

Жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттік бағалы қағаздарды (Ұлттық Банктің ноттарын) сатып алуға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне кері сатуға мүмкіндік бере отырып, ақша инвестициялауға мүмкіндік береді.

Бұл жүйе арқылы халық күн сайын құны 3,1 млн теңге болатын 32 мың қысқа мерзімді ноттарды сатып алады. 1 жылға таман уақыт ішінде қазақстандықтар Ұлттық банк ноттарын сатып алуға 987,4 млн теңге инвестициялаған.

«Invest Online» жүйесінде түрлі ұйымдарға нақты баруды талап етпейтін инвестициялау талаптары барынша жеңілдетілді. Қазір барлық операциялар мобильдік қосымша немесе жүйенің веб-сайты арқылы тәулік бойы онлайн режимінде жүргізіледі. Бұл өнімді Қазақстан Республикасының кез келген азаматы пайдалана алады, арнайы білімнің, нарықты жан-жақты зерделеудің, кассаларда кезекте тұрудың, қағаздағы құжаттарға қол қоюдың қажеті жоқ. Мұнда комиссия жоқ, барлық операциялар тегін, мемлекеттік бағалы қағаздарға кепілдікті инвестициялар, салынған қаражатты жинақталған кірісімен кез келген сәтте қайтару мүмкіндігі бар», - деді Ұлттық банктен.

Invest Online қосымшасының жұмысы бойынша техникалық қолдау көрсету желісіне тәулік бойы 8 800 080 86 68 телефоны бойынша хабарласу арқылы кеңес алуға болады.

Соңғы жаңалықтар