Қазақстандықтар үлкен теннистен «Wimbledon» турнирінде бақ сынайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 шілде күні Ұлыбританияда теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы «Уимблдон» турнирі басталады. Жарыстың ресми сайтында Қазақстан атынан жеті спортшының бақ сынайтыны хабарланды деп, жазады Olympic.kz.

Әйелдер арасында Қазақстан атынан Зарина Дияс, Юлия Путинцева және Галина Воскобоева сынға түседі. Турнирге жалпы есебі 104 спортшы қатысады деп күтіоуде.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Александр Недовесов және Тимофей Скатовқа сенім артамыз.

«Уимблдон» турнирі «Үлкен дулыға» санатындағы төрт ірі жарыстың қатарына енеді. Жарыстың жүлде қоры - 15 950 500 фунт-стерлинг.

Соңғы жаңалықтар