Қазақстандықтар Түркияға қай күннен бастап ұша алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков қазақстандықтардың Түркияға қай күннен бастап ұша алатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бәрі де біздің мемлекеттегі және бізбен серіктес елдегі эпидемиологиялық аухалға байланысты. Бүгінгі таңда 10 тамыздан бастап Түркияға әуе рейсін жандандыру мәселесі пысықталып жатыр», - деді Дастан Рысбеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тайланд пен Грузияға әуе рейстері ашылуы мүмкін екені мәлімделген.

Сондай-ақ Дастан Рысбеков Алакөл мен Бурабайға демалуға баратын отбасының кем дегенде бір мүшесінде ПТР-тест анықтамасы болуы керектігін еске салған еді.

Оның айтуынша, Қазақстандағы барлық курорттық орындарда осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін бос орындар қалмаған.


Соңғы жаңалықтар