Қазақстандықтар тректегі велоспорт бойынша Азия чемпионатында тағы 3 медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапониядағы құрлық біріншілігінің екінші жарыс күні Қазақстан құрамасының қоржынына екі қола және бір күміс медаль әкелді, деп хабарлайды ҚВСФ-ның баспасөз қызметінен.

Максим Налетов жасөспірімдер арасында кейринде үшінші болып келді.

Жасөспірімдер арасындағы командалық жарыста Йоганн Штейн, Дмитрий Лесечко, Дмитрий Глазунов және Артем Мельников жүлдегерлер тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Қола медаль үшін күресте біздің жасөспірімдеріміз Гонконгтағы қарсыластарынан жылдам болды.

Роберт Гайнеев ерлер арасында скретч ережесінде күміс жүлдеге қол жеткізіп, жарыс иесі Такуто Курабашиге (Жапония) ғана жол берді. Қола медальді Корея өкілі Кеоншо Парк жеңіп алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық велосипедшілер тректегі жарыста үш медальға және күре жолдағы велоспортта екі жоғары медальға қол жеткізген болатын.

Тректегі велоспорт бойынша Азия чемпионаты 30 қаңтарда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар