Қазақстандықтар төлемдердің электрондық бағыттарына мән беріп отыр

None
None
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАҚпарат - 2013 жылдың бірінші айында ғана ҚР электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 33,9 млн. теңгеден аса төлем жүргізілген. Ол алдыңғы жылғы egov.kz төлем шлюзі арқылы жүргізілген онлайн төлемдердің барлық сомасынан 25 пайызды құрады. Бұл жайында ҚР ККМ мәліметтерінде хабарланған.

Төлем түрлерінің арасында мемлекеттік баж салығы алда келеді. Қаңтарда оларды қазақстандықтар 16,4 млн. теңге сомада төледі. Одан кейін - 8,8 млн. теңгеде салықтар онлайн тәсілімен төленді. 6,6 млн. теңгеден аса - айыппұлдар.

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерді www.egov.kz электрондық порталы арқылы жиі төлей бастады. Бұл электронды қызметті алу үшін электрондық цифрлік қолтаңба қажет емес.

Бүгінде коммуналдық қызметтерді портал арқылы Астана, Алматы және Қызылорда қалаларының тұрғындары төлей алады. Биылғы жылы электронды қызметтің бұл түрі сатылы түрде еліміздің басқа қалаларында да пайда болмақ.

Айта кетейік, 2012 жылы Қазақстанда онлайн төлемдердің деңгейі артты. 2011 жылмен салыстырғанда төлемдердің сомасы 7 есеге өсті және 141, 2 млн. теңгені құрады.

Электрондық үкімет арқылы салықтар, айыппұлдар және коммуналдық төлемдер жиі төленетін болды. 2012 жылғы желтоқсанда электрондық үкімет төлем шлюзі (ЭҮТШ) арқылы мемлекттік қазынаға 9,5 млн. теңге салықтар түсті. Өткен жылы ЭҮТШ арқылы транзакциялардың саны 47,6 мың белгісінен асып түсті (2011 жылы - 3,7 мың).

Соңғы жаңалықтар