Қазақстандықтар темекі бұйымдарына қанша ақша жұмсайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде темекі бұйымдарына бәрінен де Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары көп ақша жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірде әр үйге шаққанда темекі сатып алуға 20,5 мың теңге шығындалыпты.

Биылғы ақпанның қорытындысы бойынша темекінің бағасы бір жылда 19%-ға өсті.

Бағаның қымбаттағаны, әсіресе елордалықтарға қатты білінді. Мұнда баға бірден 24,3%-ға көтерілген. Сондай-ақ баға қатты қымбаттаған бес өңірдің қатарында Шығыс Қазақстан (22,4%), Ақмола, (22,3%), Жамбыл (22,1%) және Алматы (21,3%) облыстары бар.

Баға тек Павлодар облысында (12,5%) ғана айтырлықтай қымбаттамаған.

Биылғы қаңтар-ақпанда елімізде 2,3 млрд дана темекі, папирос және түрлі темекі бұйымдары шығарылғанын айта кетейік. Бұл былтырғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда 3,9%-ға аз.

Жалпы, елімізде темекі көп шегетін өңірлердің қатарында СҚО-дан бөлек, Павлодар (20,3 мың теңге), Ақмола (19,3 мың теңге) облыстары да бар. Ал Шымкент қаласы (2,3 мың теңге), Маңғыстау (3,2 мың теңге) және Түркістан (4,5 мың теңге) облыстарында керісінше темекіге ақша аз жұмсалады.


Соңғы жаңалықтар