Қазақстандықтар таксимен жүруді сиретті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар такси қызметін аз қолданып, қоғамдық көліктермен көбірек жүруді жөн көретін болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА energyprom.kz">energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Салыстырмалы түрде автобустардың жолаушы тасымалдауы жылына 1,2%-ға артқан, ал экологиялық троллейбустар былтырғымен салыстырғанда 28,6%-ға көп адам тасымалдаған.

2 айдың ішінде такси жүргізушілері 615 миллион жолаушыны тасыған - бұл өткен жылдан 0,7%-ға аз. Осылайша, статистика комитетінің дерегі бойынша әрбір еңбекке жарамды қазақстандық күн сайын орта есеппен таксимен 1,2 сапар жасайды.

Тасымалданған жолаушылар санының азаюына қарамастан, жолаушылар айналымы бір жылдың ішінде 68% -ға, 11,4 млрд жолаушы-шақырымға артты.

Жеке таксилер мен такси парктерінің табыстары бір жылдың ішінде бірден 30,8%-ға, 175,8 млн теңгеге қысқарған. 

Соңғы жаңалықтар