Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет пен нанға жұмсайды – статистика

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет және ет өнімдеріне, нан мен жарма өнімдеріне жұмсайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы II тоқсанда былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіштері төмендеген.

Қазақстандықтардың азық-түлік өнімдерін сатып алуға кеткен қаражатының көп үлесі өткен жылғыдай ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Ет және ет өнімдерін ең көп Ақмола облысында тұтынатын болса, ең аз тұтынатын өңір – Шымкент қаласы.


Соңғы жаңалықтар