Қазақстандықтар спорттық гимнастикадан әлем кубогінде тағы 2 медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшылары әлем кубогі кезеңінде 2 «күміс» жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Хорватияда спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінің финалдық сайыстары өтіп жатыр.

Спорттық ат снарядында өнер көрсеткен Нариман Құрбанов жарыстың күміс жүлдесіне ие болды.

Ал қоссырық бойынша Милад Карими 14.666 ұпай алып, күміс медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, аталған санат бойынша бақ сынаған тағы бір қазақстандық Фарух Набиев жарыста бесінші болды.

Еске салайық, Милад Карими бұған дейін еркін жаттығу бойынша «алтын» жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар