Қазақстандықтар шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында «алтын» алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиландтың Районг қаласында шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты басталды. Қазақстан командасы турнирде алғашқы медальге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтемемен.
Спортшыларымыз «алтын» жеңіп алды. Қазақстандық велошабандоздар командалық жарыста (микст) бірінші болып келді. Ел намысын Рината Сұлтанова, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина қорғады.
Соңғы жаңалықтар