Қазақстандықтар шетелге 651,4 млрд теңгені аударып жіберген
2018 жылғы 1 қазан 10:54

Қазақстандықтар шетелге 651,4 млрд теңгені аударып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың шетелге аударған қаржы көлемі бір жылдың ішінде 27,5% өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

«Ақша аударымы жүйесі (ААЖ) арқылы аударылған қаражат көлемі 2018 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 651,4 млрд теңгені құраған. Оның басым бөлігі шетелге жіберілген - 380,1 млрд теңге, бір жылдың ішінде 27,5% өскен», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, шетелден алынған қаражат көлемі 220,5 млрд теңге (былтырғыдан 15,2% көп) болған. Елдің ішіндегі ақша аударымы 50,9 млрд теңгені құрап, 4 есеге артқан.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT