Қазақстандықтар саяси қызметшілерге қаншалықты сенеді - Jibek Joly

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Jibek Joly телеарнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасына сұхбат берген Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева халықтың саяси қызметшілерге деген сенім деңгейін баяндады. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының Жолдауда көтерген бастамалары қандай нәтиже беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Болып жатқан барлық процестерді мемлекеттік басқару жүйесін қайта жаңарту деуге болады. Бұл, әсіресе соңғы үш жылда сезіле бастады. Мысал ретінде Президенттің 2019 жылғы Жолдауын алайық. Бірінші Жолдауында ол мемлекеттік органдарға азаматтық қоғамның әлеуетін барынша пайдалану қажеттігін тапсырды. Ал осы жылдың наурыз айында Президент Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Сәуір айында президенттің бюрократизация туралы Жарлығы қабылданды. Оның мақсаты - құжат айналымын қысқарту. Яғни, аппарат қазір іс жүзінде бюрократиялық сипатқа ие болып отыр. Бюрократизациядан арылу - мемлекеттік қызметшілердің адамдармен тікелей жұмыс істеуіне ықпал етпек», - деп атап өтті Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті.

Оның айтуынша, бүкіл әлемде халықтың билікке деген сенімі төмендеп барады.

«Биылғы Жолдау - бұл Президенттің мемлекеттік органдарға үндеуі ғана емес. Бұл - нақты тапсырмалар, шаралар жиынтығы. Өйткені, менің ойымша, мемлекеттік аппарат әлі жүйелі іске көше алмай жатыр. Жоғары білімді, нақты жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілер өте көп, алайда қалыптасқан жүйе оларға жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді. Бүкіл әлемде халықтың билікке деген сенімі төмендеп барады. Билік пен халық арасындағы келіспеушіліктер күшейе түсуде. Қазір халықтың құқықтық санасы өсті. Адам өзгерді, қоғам өзгерді. Мемлекет басшысының халықаралық деңгейде үлкен тәжірибесі бар, ол азаматтық қоғамға жақын. Менің ойымша, егер билік пен халық арасында қарама - қайшылық болса, ешқандай реформа болмайды», - деді Бану Нұрғазиева.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың саяси қызметшілерге қаншалықты сенім артатынына тоқталды. Бану Нұрғазиеваның дерегінше, азаматтардың шенеуніктерге деген сенім деңгейі орташадан төмен. Бұл орайда, Мемлекет басшысына деген сенім деңгейі әлдеқайда жоғары.






Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар