+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстандықтар сатып алатын көліктің тең жартысы отандық өндірісте құрастырылған

2020 жылғы 17 қыркүйек 12:11
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар сатып алатын көліктің тең жартысы отандық өндірісте құрастырылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар сатып алатын көліктің әрбір екіншісі отандық өндірісте құрастырылған. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Бүгінде сатып алынған көліктің әрбір екіншісі отандық өндірісте құрастырылған көлік саналады. Бұл бірлескен жемісті жұмыстың тамаша көрсеткіші. Бұған қоса, қазақстандық автоөнеркәсіп өнімдері экспорттық нарыққа да шығып отыр. Осы жылдың 8 айында ғана елімізде 341,2 млрд теңге сомаға 45 мың автомобиль шығарылды. Оның 4,7 мыңнан астамы Ресей, Беларусь және Өзбекстанға экспортталды. Мұндай көрсеткішке ішкі өсім резервін ынталандырудың арқасында қол жеткізілді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта жеңілдетілген автокредит пен жеңілдетілген лизинг бағдарламасы жұмыс істеп отыр. Аталған бағдарлама аясында 5 жылға 50 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат отандық кәсіпорындарға 98,6 млрд теңге сомаға 19 мың көлік құралын құрастыруға мүмкіндік берді.

«Халық тарапынан туындыға үлкен сұранысты қанағаттандыру үшін өткен жылы Ұлттық банк жеңілдетілген автокредит бағдарламасын іске қосып, оның аясында 5 жылға, яғни жыл сайын 20 млрд теңгеден тағы 100 млрд теңге бөлінді. Аталған бағдарлама аясында қазірдің өзінде 40 млрд теңге сомаға 7,1 мың автомобиль сатылды», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Бұған қоса, министрдің айтуынша, 2018-2020 жылдары ескірген автобус паркін жаңарту бағдарламасы аясында 33,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат еліміздің өңірлеріне 1 350 автобус сатып алуға мүмкіндік берді. Биыл қосымша 10 млрд теңге бөлініп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT