Қазақстандықтар сапасыз жол туралы анонимді шағым түсіре алады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстандықтарға сапасыз жол туралы анонимді шағым түсіру мүмкіндігі ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлім етті.

«ҚР Президентінің сыбайлас жемқорлықпен күрес бастамаларын жүзеге асырып, қоғамның белсенділігін арттыру мақсатында салалық агенттікпен бірге «Әділдікті талап ет» атты респбуликалық акция бастадық. Біз азаматтарды, бүкіл саяси күштерді, қоғамдық бірлестіктерді акцияғабелсенді түрде қосылуға және жолдардыңжағдайын бірге жақсартуға шақырамыз», - деді агенттіктің қоғамдық кеңес мүшесі.

Оның айтуынша, бірлестіктің ресми сайтындағы мәліметтерді пайдаланып әр азамат өз бетімен жолдың сапасын тексере алады.

«Бірақ бұл жерде қауіпсіздік ережелерін ұмытпау керектігін ескертемін. Қажет болса, сайттағы арнайы байланыс деректері арқылы мамандарға хабарласып, бірге мониторинг жасауға болады. Adildik.kz сайтына немес «1463» call-орталығына хабарласуға болады. Adildik.kz сайтына сапасыз, шұрық-тесік жолдың фотосы мен видеосын жіберуге болады. Тіпті аты-жөніңізді айтпай, құпия түрде де шағым түсіре аласыз. Ең бастысы, ақауы бар жолдың нақты орнын жазып, фото немесе видео айғақ салу қажет. Сол фото, видео арқылы мониторинг ашып, тексеру жүргіземіз. Керек болса, тәуелсіз зертхана арқылы тиісті зерттеу жасап, нақты дайын ақпаратты антикор мен әкімдіктерге жолдаймыз», - деді Дидар Смағұлов.


Соңғы жаңалықтар