+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қазақстандықтар сапасыз дәрі-дәрмекке байланысты қайда шағым түсіре алады

2019 жылғы 11 ақпан 13:14
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар сапасыз дәрі-дәрмекке байланысты қайда шағым түсіре алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы қазақстандықтар дәріханалардан сатып алған сапасыз дәрі-дәрмектердің жанама әсер бергені жайлы 3200 шағым түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ДСМ Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығы бас директорының міндетін атқарушы Қанат Ержанов бұл мәселе туралы кеңірек айтып берді. Оның айтуынша, өткен жылы да ұлттық орталық елге кіргізілгелі тұрған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізген. Сараптама барысында кейбір тасымалдаушылар дәрі-дәрмектерін тіркеуден бас тартқан. Осыған байланысты ол өнімдер сапасыз дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар деп танылып, Қазақстанның нарығына кіргізілмеген.

«Отандық денсаулық саласында цифрлық технологияларды енгізу міндеттемесіне сәйкес, 2018 жылы ұлттық орталық дәрі-дәрмектерге сараптама жүргізу үшін жасанды интеллектті қолдану бойынша пилоттық жобаны бастады. Бұл қадам сараптама жүргізу уақытын едәуір қысқартады. Қазіргі уақытта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау жұмысын трансформациялау процесі басталып кетті», - дейді ол.

Сонымен бірге, Қанат Ержановтың айтуына қарағанда, ұлттық орталықтың 2018 жылы жүргізілген талдау жұмыстары көрсеткендей, Қазақстанда өткен жылы дәрілік заттардың жанама әсер бергені туралы 3200 хабарлама келіп түскен.

«Осы шағымдардың ізімен медициналық препараттар толығымен тәркіленді. Бізге азаматтар әртүрлі жағдайлармен хабарласады. Шағым түскен медициналық препараттарды біз міндетті түрде зертханада тексереміз. Егер қабылдаған дәрілік заттарға байланысты қандай да бір шағымдар болса, біздің сайт арқылы ұлттық орталық қызметкерлерімен байланысқа шығуға болады», - деді Қанат Ержанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қанат Ержанов Қазақстанға жеткізілетін шетелдік дәрі-дәрмектердің сапасы қалай қадағаланып жатқанын айтып берген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT