+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Қазақстандықтар психотерапиялық көмекті онлайн ала алады

2020 жылғы 29 қазан 09:13
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар психотерапиялық көмекті онлайн ала алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ЮНИСЕФ балалар қорымен бірлесіп, коронавирус пандемиясы кезінде халықтың барлық тобына психологиялық және психотерапиялық қашықтан көмек көрсету үшін сайт құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Ақпарат-қа сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Исламбек Салжанов: Қазақстанда қайырымдылық туралы дұрыс түсінік қалыптастыру керек Көшербаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның басты міндетін атады Жамбыл облысында анасына ренжіген жасөспірім үйінен кетіп қалған

Сайт екі үлкен бөлімнен тұрады. Біріншісі – білім беру бөлімі, мұнда сіз психикалық денсаулық туралы және пандемия кезіндегі күйзелісті қалай еңсеруге болатынын біле аласыз. Бүгінгі күні 40 мыңнан астам адам осы сайтқа кіріп, 100 мыңнан астам тиісті сессия өткізді.

«Екіншісі – тікелей жеке көмек. Ол екі бөлімнен тұрады. Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды жібере аласыз және жазбаша түрде жауап аласыз, сонымен қатар онлайн кеңес бар. Бүгінгі күні онлайн консультацияны 350-ден астам адам пайдаланды. Сіз сайттың өзі арқылы жазыла аласыз, телефон нөміріңізді қалдыра аласыз, анықтама қызметі, байланыс орталығы және электрондық пошта мекенжайы бойынша кеңес алуға болады, ол құпия болып қалады», - деді ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының» ШЖҚ РМК бас директоры Николай Негай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT