+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандықтар Персеид жұлдыздар ағынын тамашалай алады

2020 жылғы 11 тамыз 21:06
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар Персеид жұлдыздар ағынын тамашалай алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 12 тамызынан 13-не қараған түні қазақстандықтар жыл сайын шілде-тамызда болатын Персеид деп аталатын метеорлық жұлдыз ағынын тамашалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы Персеид жұлдыз ағыны 17 шілдеден басталып 26 тамызға дейін жалғасады. Ең көп ұлдыз жауатын мезгіл 13 тамыз күні түнде болады. Бұл түні ағып жатқан 110 метеорды немесе әр минут сайын 1-2 метеорды тамашалауға мүмкіндік бар», - делінген Мәскеу планетария хабарламасында.

Астрономдар жұлдыздардың құлауы – бұл метеорлық ағын деп есептейді. Олар Жер атмосферасына түсетін және онда күйіп кететін кометалардың бөлшектері, метеорлар жол бойында жұлдыздар секілді жарқырайды. Оны Жерден тамашалағанда метеорлар құлайтын орталық Персей шоқжұлдызында орналасқандай көрінеді. Шындығында, метеорлық ағынның бұл шоқжұлдызға ешқандай қатысы жоқ.

Жұлдыздар жауатын мезгілді түнгі сағат 2-4 аралығында солтүстік-шығыс бағытқа қарап тамашалауға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT