Қазақстандықтар педофилді ұрған сержантты қолдаған флеш-мобты бастап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде педофилді ұрған Сәтбаев қаласы ІІБ қызметкерін қолдау туралы флешмоб басталды, деп  хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәт сайын Инстаграм мен Фэйсбук қолданушыларының арасында #Сержантправ хэштегін таратушылар саны артып келеді. Акцияға Қазақстанның түкпір-түкпірінен үн қатып жатыр.

Адамдар сержантты жұмысына қайта қабылдап, қылмыстық істі жабуды талап етіп жатыр.

«#сержантправ мен оның әрекетін қолдамаймын, бірақ, жаза тым қатал. Мен сержанттың орнында болса, өлтіретін едім», - деді Наргиз Токбергенова

«#сержантправ Қашан елімізде зорлық көргендерді қорғап, педофилдерді ату жазасына кеседі екен?», - дейді Дина Кайырғалиева.

«#сержантправСержант адам сияқты әрекет етті», - деді Zhami Lya

(авторлардың орфографиялары сақталған)

Акцияға қатысушылар жиналып қазанда өтетін сот отырысында қолдау көрсетпекші.

Айта кету керек, 23 шілде күні 40 жастағы Сәтбаев тұрғыны 5 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын. 

Сол күні полиция қызметкерлері 50 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

5 жастағы бүлдіршін оның жатын бөлмесінен табылды.

Сұрау барысында ер адам қызды алдап әкеліп зорлағанын мойындады.

Тергеуші шығып кеткен сәтте жасауылдардың бірі күдіктіні ұрған.

Қарағанды облыстық ІІД басшылығы полиция сержантын лауазымын асыра пайдаланғаны үшін жұмыстан қуу туралы шешім шығарды.

Енді оған қатысты ҚР ҚК 362 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ал, істің насырға шабатынын аңғармай қалған тергеуші аталған істен шеттетілді.

Департамент басшысының бұл шешімі қазақстандықтардың арасында дау туғызды.

Соңғы жаңалықтар