Қазақстандықтар параканоэден Азия чемпионатында 10 медаль алды

None
Фото: instagram.com/kazparalympics
САМАРКАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Самарқанда параканоэден өткен Азия чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық құрама Самарқан (Өзбекстан) қаласындағы Азия чемпионатын 3 алтын,
4 күміс және 3 қола медальмен қорытындылады», - деп жазылған ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінде.
Алтын медаль иегерлері: Бибарыс Спатай - (KL2/500м), (KL2/200м), Жаңыл Балтабаева - (VL3/200м).

Күміс медаль иегерлері: Жаңыл Балтабаева - (VL3/500м), Максим Богатырев - (KL1/ 200м),

Жалғас Тайкенов - (KL3/500м), (KL3/200м).
Қола медаль иегерлері: Максим Богатырев - (VL1/200м), Жаңыл Балтабаева - (KL3/200м), (KL3/500м).


Соңғы жаңалықтар