Қазақстандықтар пара-биден Әлем чемпионатында 4 «қола» жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшылар пара-биден Әлем чемпионатында 4 қола жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Пара биден Әлем чемпионаты 29 қарашамен 1 желтоқсан аралығында Германиядағы Бонн қаласында өтті. Оған 26 мемлекеттен 225 спортшы қатысты. Ал Қазақстанның намысын19 адам қорғап, оның 4-і жүлдегерлер қатарынан көрінді.

1. Ардак Оторбаев пен Айдана Бегленова – 3-орын (Combi Freestyle 1)

2. Ермек Калымбетов пен Кульшум Аталыкова – 3- орын (Combi Freestyle)

3. Ардак Оторбаев – 3-орын (Men’s Single Class 1)

4. Ардак Оторбаев пен Карлыгаш Сасембаева – 3-орын (Duo Class 1)

Еске салсақ, 2017 жылы Қарлығаш Сарсембаева пара биден Әлем чемпионатында (Бельгия) 1-орын алып, Қазақстаннан тұңғыш чемпион атанды. 2018 жылы Ардақ Оторбаев пен Айдана Бегленова пара биден Әлем кубогында (Словакия) 1-орын иеленген еді.

Соңғы жаңалықтар