Қазақстандықтар өздерінің болашақтағы зейнетақы мөлшерін есептей алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы БЖЗҚ бөлімшесі зейнетақы калькуляторын қалай пайдалануды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1998 жылдан бастап Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істеп келеді. Яғни, бұл дегеніміз болашақтағы зейнетақы мөлшері жеке зейнетақы шотында жиналған сомаға байланысты: неғұрлым жинау көлемі көп болған сайын, зейнеттік демалыстағы өмір соғұрлым ыңғайлы болмақ. Ол үшін салымшыларға Қордың сайтында зейнетақы калькуляторы іске қосылған. Осы арқылы кез келген адам өздерінің болашақтағы зейнетақы мөлшерін есептей алады.

«Калькуляторды қолдану өте оңай - www.enpf.kz  сайтында «Зей     нетақы калькуляторы» бөліміне кіріп, «Болжалды зейнетақы калькуляторын» (болашақ зейнеткерлер үшін) және «Ағымдағы зейнетақы калькуляторын» (қазіргі зейнеткерлер үшін) есептеуге болады. Ондағы сұратылған деректерді: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан өтілі, қазіргі таңдағы жинақталған сома және соңғы уақыттағы орташа жалақы мөлшерін толтырып, «Есептеу жүргізу» тетігін басу керек. Егер сіз жеке кабинетіңіз арқылы кірсеңіз, бұл деректер автоматты түрде толытырылады», - деді БЖЗҚ Алматы бөлімшесінің баспасөз қызметінен.

Калькулятор болашақтағы зейнетақыны үш жолмен есептейді: пессимистік, реалистік және оптимистік. Оның нәтижесінде бірнеше сома шығады: ортақ зейнетақы, негізгі зейнетақы, БЖЗҚ зейнетақысы және өз бетімен салған зейнетақы жарналары (егер болса). Сондай-ақ, калькулятор бұл жинақтардың қанша жылға жететінін, сіз зейнетке шыққандағы болжалды жалақы мөлшерін және алмастыру коэффициентін есептейді. 

Соңғы жаңалықтар