Қазақстандықтар отшашуда бір көзінен айырылған қызды емдетуге қаржы жинап берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда отшашудың кесірінен көзін зақымдап алған бойжеткеннің еміне қажетті қаражат толық жиналды. Бұл туралы Римма Асқарова Инстаграмдағы парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнежазбада «Мейірімді, қайырымды, қазақ елі! Менің еміме қажетті 16 миллион жиналды. Сіздерге рақмет!», - делінген.

Аллаға сансыз шукір🙏🏻 Жүрегі Мейірімге Қайырымды ҚАЗАҚ ЕЛІ сіздерге раxмеееет.Сіздердің арқаларыңызда мінекей менің еміме қажет 16 миллион қаражат жиналды Алла разы болсын🙏🏻 РАХМЕЕЕТ Сонымен қатар @janym_baklajanym Айдын жанымсол сізгеде УЛКЕЕН РАХМЕЕТ,Алла разы болсын ,шексіз алғысымды іспен немесе сөзбен ,айтып жеткізе алмаспын❤️ Және жанымда кун -тун демей журген алтын жандар сіздергеде алғысым шексіз раxмееееет Алла разы болсын🙏🏻❤️

A post shared by Асқарова Римма Оралбекқызы (@rimmaskarova) on Jun 19, 2018 at 3:04pm PDT

Сондай-ақ, Римма бейнежазба астында қайырымдылық шарасын ұйымдастырған Айдын Тоқсанбаеваға алғыс білдірген. .

«Халық өте жақсы үлес қосты. Адамдар жақсылық жасаудан жарысуда. Әлеуметтік желідегі оқырмандарыма ризамын. Римманың еміне қажетті сома үш аптаның ішінде жиналды», - деді Айдын Тоқсанбаева.
«Құжаттарым 2-3 аптадан кейін дайын болады. Сосын жолға шығамын. Сіздерге міндетті түрде хабарлаймын», - деп жазды Римма Асқарова.

Еске салсақ, Рамазан айында Римма Асқарованың көзін емдету үшін қайырымдылық шарасы өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар