+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядан 20 млрд теңге ақша аударымын алды

2019 жылғы 12 маусым 14:53
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореядан 20 млрд теңге ақша аударымын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар төрт айда шетелден 117 млрд теңге алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking-ке сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында шетелден келген ақша аударымдарының көлемі 116,7 млрд теңгені құрады , бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,3% -ға көп»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, транзакциялар саны артты: 29,1%, 529,2 мыңға дейін. Бір жыл ішінде халықаралық ақша аударымдары жүйесі бойынша бір транзакцияның орташа чегі 201,6 мыңнан 220,6 мың теңгеге дейін артты.

Қазақстан Республикасына ақша аударымдарын жіберген елдер ішінде Ресей жетекші орын алады: 50,6 млрд теңге - бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларына қарағанда 37,9% -ға көп. Транзакциялар саны 31,7% -ға, 271,8 мыңға артты, бір аударымның орташа чегін 4,7% -ға, 177,8 мыңнан 186,1 мың теңгеге дейін арттырды.

Екінші орында - Корея Республикасы: 20,6 млрд теңге, өсім - бірден 63,3%. Аударымдар саны 51,5% -ға, 54,1 мың транзакцияға ұлғайды. Орташа чек 354,1 мыңнан 381,5 мың теңгеге дейін өсті.

Көш бастап тұрған үштіктің соңында Өзбекстан бар, ол елден 10,1 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 70,1 пайызға артық. Транзакциялар саны - 44,3%, 28 мыңға дейін өсті. Өзбекстаннан бір аударымның орташа чегі 306,1 мыңнан 360,7 мың теңгеге дейін артқан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Экономика, Қаржы, Статистика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT