Қазақстандықтар Никарагуаға визасыз бара алады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар енді Никарагуаға 30 күнге визасыз бара алады. Бұл туралы Үкімет қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарамды жол жүру құжаттары бар ҚР азаматынан Никарагуа Республикасына 30 күннен аспайтын уақытқа бір немесе бірнеше рет барғанда, транзитпен өткенде және уақытша болған кезде олардан визалық талаптар сұралмайды. Күтпеген жағдайларға (табиғи апат, ауру және т.б.) тап болған азамат дәлдеме құжаттары негізінде Никарагуа Республикасының аумағында бола тұруға рұқсат алуы тиіс», - делінген қаулыда.

Ал Никарагуа Республикасына қызмет бабымен баратын азаматтардан виза талап етіледі. Қаулы 10 күннен соң заңды күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар