Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың наурызы - мерекеге толы ай. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін атап өтуге байланысты қазақстандықтар 14 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сай келуіне байланысты, мереке үш күн - 8-10 наурыз аралығында тойланады.

Дәстүр бойынша, Қазақстанда көктемгі Наурыз мерекесі 3 күн - 21 наурыздан 23 наурызға дейін аталып өтіледі. 23 наурыз сенбіге сай келетіндіктен, демалыс күн дүйсенбіге, 25 наурызға ауысады.

Жалпы, наурызда 14 демалыс және 17 жұмыс күні бар.

Соңғы жаңалықтар