+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстандықтар месседжерлер арқылы анықтамалар ала алады

2019 жылғы 2 қазан 17:57
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар месседжерлер арқылы анықтамалар ала алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар бұдан былай танымал месседжерлер арқылы бірқатар қажетті анықтама ала алады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда мемқызметтерді цифрландыру ауқымы артады Биыл 685 ауыл Интернет желісіне қосылады

«Көріп отырғанымыздай, әлеуметтік желілер күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналып кетті. Міне, осы жайды ескере отырып, мемлекеттік қызмет алудың қосымша ыңғайлы сервистерін іске қосуды жөн деп шештік. Қыркүйекте сынақ түрінде чат-боттарды іске қосқан едік. Қазір пайдаланушылардың күннен-күнге артып келе жатқанын бақылап отырмыз. Бүгінгі күні Telegram-бот арқылы 20 мемлекеттік қызметті алуға болады. Сол секілді, «ВКонтакте» арқылы 19, «Facebook» арқылы 15 мемлекеттік қызметтің түрі қолжетімді. Жазылған пікірлерді ескере отырып, қызмет түрін арттырған абзал деп отырмыз», - деді Әсет Тұрысов елордадағы «Цифрлық күздің» таныстырылуында.

Осыдан кейін Ә.Тұрысов чат-боттардың қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп берді.

Айтуынша, алдымен әлеуметтік желіні пайдаланушы тиісті хабарламаны жібереді. Ал ақылды жүйе адамдардың қатысуынсыз операторларға келген қызметтерді тең бөліп береді. Яғни, тиісті нөмір алып, атқарушы автоматты түрде тағайындалады. Мұндай жүйе жұмыс барысын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Пайдаланушыға сұрауын орындаушылардың аты-жөні мен байланыс нөмірі туралы хабарлама түседі. Осылайша, пайдаланушы виртуалды кеңесшімен сөйлесе отырып, белгілі бір мемлекеттік қызметті ала алады.

Еске сала кетсек, бүгінгі «Цифрлық күзде» ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі министрі Асқар Жұмағалиев eGov-тың жаңартылған мобильді қосымшасы іске қосылатынын мәлім еткен еді.

Сонымен бірге, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация басқармасының төрағасы Әсемгүл Балташева мекенжай анықтамасынан бөлек тағы 28 анықтаманың да жойылатынын жариялады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT