+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысы қалай теңестіріледі

2019 жылғы 5 қыркүйек 18:43
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысы қалай теңестіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысын теңестіру жұмыстары жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бес жастағы баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сотталды ІІМ басшысы: Бастықтар тарапынан жасалған қателіктерге көз жұмып қарамаймыз Қазақстанда іздеу салынған қылмыскер Нью-Йоркте ұсталды

«Жазда дәл осы мәселе жиі көтерілді. Оның басты себебі – жергілікті білікті мамандардың жетіспеушілігі. Сондықтан Қазақстан мен Қытайдың бірлескен 55 жобасы бойынша ынтымақтастық аясында инвесторлар осы кәсіпорындардың болашақ қызметкерлерін оқытуға міндеттелген. Мәселен, Ақтоғай – Шығыс Қазақстандағы ірі тау-кен кәсіпорны мыс кенін қазып, концентрат шығарады. Вахталық әдіспен жұмыс істейді. Бұл кәсіпорынды тұрғызуда қазақстандықтардың бәрі оқытудан өтті. Бозшакөлде де осы ұстаным болды. Шынында да, мәселе өте өзекті. Президент Үкіметке тапсырма берді, онымен қазір Үкімет пен Еңбек министрлігі айналысып жатыр», - деді Ж. Қасымбек.

Оның айтуынша, ең алдымен қазақстандық жұмысшылардың біліктілігін көтеру қажет.

«Екіншіден, қағидалар сақталуы тиіс, егер Қазақстан азаматы шетелдікпен бірдей жұмыс атқарса, төлемақы да бірдей болуы керек. Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр», - деді Жеңіс Қасымбек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT