Қазақстандықтар медициналық аппараттардан тегін өте алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар емханада компьютерлік томография (КТ) мен магнитті резонансты томографиядан (МРТ) тегін өте алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№6 қалалық емханада 90 404 адам тіркелген. Біздің негізгі міндетіміз - алғашқы медико-санитарлық көмек, балаларға мамандандырылған медициналық көмек, ересектерге арналған мамандандарылған медициналық көмек көрсету. МӘМС аясында біздің мүмкіндігіміз кеңейе түсті. Қосымша қаржыландырылғандықтан, бізге емделуге келген науқас басқа емханаға бармай-ақ барлық медициналық қызмет түрлерін ала алады», - дейді емхананың бас дәрігері Динара Байсеркина бастапқы деңгейде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары бойынша өткен баспасөз турында.


Сондай-ақ, ол емханада компьютерлік томография бар екенін, ересектерге және балаларға арналған оңалту орталықтары ашылғанын айтты.

«1 қаңтардан бастап МӘМС-ке байланысты медицина саласында өте үлкен өзгерістер болып жатыр. Әсіресе оңалту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Бізде 12 төсектік оңалту жұмыстарына арналған қосымша ашылды. Ол медициналық құрылғылармен толық қамтамасыз етілді. Оған үлкен қаражат бөлінуде. Бұрын компьютерлік томография (КТ) мен магнитті резонансты томография (МРТ) тек әлеуметтік құрамға кіретін науқастар өте алса, қазір медициналық сақтандырылған кез келген науқас тегін түрде өте алады», -дейді №6 емхананың емдеу ісі бойынша бас дәрігерінің орынбасары Ержан Қалиев.

Сонымен қатар, ол орталық амбулаториялық хирургия дамып келе жатқанын айтты.

«Бұрын тең қана стационарда істелінетін оталар қазіргі уақытта емхана ішінде де істеле береді. Бұл да үлкен жетістік. Сондай-ақ, тегін берілетін 640 дәрі-дәрмектің 404 түрі МӘМС аясында беріледі», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар