+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Қазақстандықтар Медеу мұз айдынында Денис Тенге ескерткіш орнатпақ

2018 жылғы 20 шілде 11:54
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар Медеу мұз айдынында Денис Тенге ескерткіш орнатпақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Медеу мұз айдынында белгілі спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішін орнатпақ. Қазір әлеуметтік желіде осы мақсатта краундфандинг алаңы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай бастаманы Алматы тұрғыны Азиза Өтегенова Фейсбук желісінде көтерді.

«Біз Денис үшін не істей аламыз? Менің қолымнан краундфандинг қорын ашу ғана келеді. Денис Алматы тарихында қалуы керек. Басқаша болуы мүмкін емес. Жүрегімізді қайғы басты. Жас. Әдемі. Талантты! Оны еске алып отыратын, мәңгілік жадымызда қалдыратын орын керек. Ол бұл құрметке лайық! Біз оны сақтап қала алмадық! Халқымыз бәріміз жабылып, Дениске Медеуде ескерткіш орнатайық!», - деді Азиза Утегенова.

Оның бұл бастамасын Медеу мұз айдынының басшылығы да қолдады.

Бүгін краунфандинг алаңы ашылды. Қазақстандықтар ортақ шотқа ерікті түрде қаржы жинай бастады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00-дер шамасында болған еді.

Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен.

Кеше түскі 15:00-дер шамасында белгілі спортшы Денис Тен ауруханаға пышақ жарақатымен түскен болатын.

Дәрігерлер клиникалық өліммен түскен спортшыны 2,5 сағат бойы реанимациялық шаралар жасап, аман алып қала алмады.

Денис Тен көп қан жоғалту себепті көз жұмды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT