+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қазақстандықтар мамырда 11 күн демалады

2019 жылғы 15 сәуір 16:49
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар мамырда 11 күн демалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар үшін мерекелі ай саналатын мамырда 11 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар 1 мамырда Бірлік күнін, 7 мамырда Отан қорғаушылар және 9 мамырда Жеңіс күнін атап өтетіні белгілі. Жалпы, мамыр айында 20 жұмыс күні бар. Мерекелі күндерге байланысты ел тұрғындары 1 , 7, 9 және 10-шы мамырда демалады. Қалған жұмыс күндері қалыпты тәртіпте қала бермек.

Айта кетсек, ҚР «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасында ұлттық және мемлекеттік мереке атап өтілетін күндер елдің еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер болып саналады. Мемлекеттік және ұлттық мерекелердің тізіміне жаңа жыл - 1-2 қаңтар, Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз, Наурыз мейрамы - 21-23 наурыз, Қазақстан халқының бірлігі күні - 1 мамыр, Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр, Жеңіс күні - 9 мамыр, Астана күні - 6 шілде, ҚР Конституциясы күні - 30 тамыз, Тұңғыш Президент күні - 1 желтоқсан, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні - 16 желтоқсан енеді.

Еске сала кетсек, жалпы биыл қазақстандықтар 119 күн демалады. Қазақстандықтар ең көп демалған күндері - наурыз айына (14 күн) келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT