Jańalyqtar
Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады
2021 жылғы 9 сәуір 07:28
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мамыр айындағы күнтізбеде 3 мемлекеттік мереке күн бар, атап айтсақ 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр Жеңіс күні.
Биыл мемлекеттік мереке саналатын 1 мамыр сенбіге дәл келіп отыр. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес, демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс болып есептеледі. Демек, қазақстандықтар сенбі, жексенбі, дүйсенбі 3 күн қатарынан демалады.
Сонымен қатар, 9 мамыр жексенбі демалыс күнге келіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 7, 8, 9, 10 мамыр күндері тағы демалатын болады.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Алматы облысында ана мен сәби көз жұмды
- Диджей Иманбек Зейкенов жаңа трек шығарды
- Коронавирус: Алматы облысының тұрғындары екпені Алматы қаласында жасата алады
- Маңғыстау облысына «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
-
Жүніс Емре – түркі әлеміне ортақ тұлға
-
Динара Сәдуақасова интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER