Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

egov.kz сайтының мәліметіне қарағанда, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жұма күніне сәйкес келеді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні бейсенбімен тұспа-тұс келіп тұр. 9 мамыр – Жеңіс күні, сенбі күні атап өтіледі.

9 мамыр демалыс күніне тұспа-тұс келуіне байланысты қазақстандықтарға тағы бір демалыс күні беріледі. Ол сенбіден дүйсенбіге, яғни 11 мамырға ауыстырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының үкіметі 7 мамырдан 10 мамырға дейін демалу үшін демалыс күнін 11 мамырдан 8 мамырға ауыстырды.

Сонымен қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 1, 2, 3 мамырда, одан кейін 7, 8, 9, 10 мамырда демалады.


Соңғы жаңалықтар