+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Қазақстандықтар Лондон Сити-мэрінің шеруіне қатысты

2019 жылғы 10 қараша 12:14
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар Лондон Сити-мэрінің шеруіне қатысты

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Лондон Сити Лорд-мэрінің шеруінде Қазақстанның экономикалық, туристік және мәдени әлеуеті көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көшпенді-батырлар образындағы жігіттер мен жастардан құралған джаз-бэнд мыңдаған көрерменнің алдында көк туымызды желбіретіп, өнер көрсетті.

«Мен өте ерекше әсер алдым. Батырларыңыз бейнесі ерекше. Маған олардың киім-кешектері мен қарулары ұнайды. Өте әсерлі көрінеді. Мен Қазақстанға барып, ол жақты көрсем деймін», дейді лондондық Марк Берд.


Шеруге еліміздің атынан ежелгі көшпенді-жауынгерлер образындағы батырлардан бөлек қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы колледждің жастар джаз-бэнді де шықты. Олар арнайы жасақталған көлікке жайғасып, классикалық джаздан бөлек қазақтың ұлттық ән-күйлерін орындады.


«Қазақстан Лондон Сити Лорд-мэрінің шеруіне биыл екінші рет қатысып отыр. Бірінші рет 2006 жылы өнер көрсеткен. Ол кезде салт атты көшпенді жауынгерлер болған еді. Біз шеруге бір жыл бойына дайындалдық. Қазақстанды жан-жағынан танытқымыз келді»,- дейді Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігінің өкілдері.

Шеру банктер мен бизнесмендердің кеңселері көп шоғырланған Сити ауданында өтті. Жиналған көпшілік Қазақстанның көрікті жерлері мен оның инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттарды көліктегі экран арқылы ала алды.

Айта кетсек, шеру 800 жылдан астам уақыттан бері лондондық Сити жаңа Лорд-мэрінің сайлануы құрметіне өткізіліп келеді. Ол қала мэрі Садик Хандыкінен бөлек лауазым. Биылғы 692-ші Лорд-мэрдің есімі - Уильям Рассел. Лондондық Сити корпорациясының басшысы ретінде ол британиялық бизнес пен қаржы секторының жаһандық елшісі қызметін атқармақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Қандастар, ҚР СІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғалымжан Қараманұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT