Қазақстандықтар күніне цифрлық банкинг арқылы 8 млрд теңге аударады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар күніне цифрлық банкинг арқылы 8 млрд теңге аударады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінде жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқы күніне құны 8 млрд теңге болатын 500 мың транзакция жасайды.

«Қазіргі таңда қаржылық транзакцияның көбі Интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізіледі. Қазақстанның қаржылық ұйымдары интернет банкингтің заманауи технологияларын жаңарту үстінде», - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жанат Құрманов.

Ұлттық банктың көрсеткіші бойынша, бизнес субъектілер қаржылық операцияларының 70 пайызын дистанциялық қызмет көрсету арқылы пайдаланған.

2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылғы Интернет және мобильді банкинг арқылы аударылған қаражат сомасы үш есе өскен.

Соңғы жаңалықтар