Қазақстандықтар күн жылы кезде етті азырақ тұтынады -статистика

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар маусымның жылы мезгілдерінде етті біршама азырақ жейді. Екінші тоқсанда ет өнімін тұтыну деңгейі бірінші тоқсанмен салыстырғанда қалаларда 2% , ал ауылдық жерлерде бірден 8% төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom-ға сілтеме жасап.

Қазақстан бойынша еттің бөлшек саудадағы бағасы өскен.

Еттің бағасы бір айда 1,7% қымбаттап, бір келіге 1694,6 теңгеге дейін жеткен (бір жылда бірден 9,3% көтерілген).

Тауық еті 1,1% дейін қымбаттап, бір келісі 745,7 теңгеге жеткен (өткен жылмен салыстырғанда 0,9% арзандаған).

Сиыр, қой мен шошқа еті бір айда 0,2-0,3% қымбаттаған (жылдан жылға 6,8% қосылған).

2018 жылдың II тоқсанындағы үй шаруашылықтарының ет пен ет өнімдерін пайдалану деңгейі үстіміздегі жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 4,1% төмендеп, жан басына шаққанда 18,7 келіге жеткен.

Қалалық жерлердегі ет өнімдерін тұтыну деңгейі 1,7% түсіп, 19,6% құрады. Дегенмен ет пен ет өнімдерін тұтыну деңгейі әсіресе ауылдық жерлерде 7,5% дейін түсіп, жан басына шаққанда 17,4 келіге дейін төмендеген.

2018 жылғы II тоқсанда барлық үй шаруашылықтары арасында ең көп тұтынылатын өнімдердің қатарына сиыр еті (жан басына шаққанда 5,9 келі), қой (1,6 келі) және тауық еті (1 келі) кірді.

Соңғы жаңалықтар