+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Қазақстандықтар короновирусқа қатысты сұрағына ДСМ-ның WhatsApp чат-боты арқылы жауап алады

2020 жылғы 8 сәуір 14:01
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар короновирусқа қатысты сұрағына ДСМ-ның WhatsApp чат-боты арқылы жауап алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус бойынша халықты ақпараттандыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі WhatsApp чат-ботын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус (COVID-19) жайлы халықты ақпараттандыру үшін WhatsApp желісінде ресми арнаны іске қосты. Коронавирус туралы өзекті әрі шынайы ақпарат ұсынатын қызметтің бұл түрі тегін.

«WhatsApp арнасы арқылы Қазақстан тұрғындары аптасына 7 күн тәулігіне 24 сағат короновирус жайлы жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала алады. Чат-бот келесі тақырыптар бойынша ақпарат ұсынады: Коронавирусты диагностикалау мен емдеу тәсілдері; пандемияның таралуына қатысты өзекті деректер; үйде қалу бойынша ұсыныстар; туристергекеңестер; COVID-19 туралы жиі кездесетін жалған ақпараттар.

Чат-бот короновирус белгісін анықтауға бағытталған аноним сауалнамадан өтуге мүмкіндік береді (Семей медициналық университетінің жобасы).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің WhatsApp чат-ботын қолдану үшін +7 705 812 69 67 нөмірін телефоныңызға сақтаңыз немесе мына сілтемеге өтіңіз; Ақпарат алу үшін WhatsApp-та аталған нөмірге кез келген мәтінді хабарлама жіберіңіз.

«Осы қиын күндерде адамдар жақындарымен, достарымен байланысып, қолдау көрсету үшін WhatsApp-ты әдеттегіден көбірек қолдануда. Біз Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне байланыстың жаңа тәсілін ұсына алғанымызға қуаныштымыз. Жаңа жүйе азаматтардың сауалдарына тез жауап беріп, жалпыға ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді WhatsApp-тың бас операциялық директоры Мэтт Идема.

Ресми чат-бот WhatsApp Business API-дің ресми сервис-провайдері Infobip компаниясымен бірлесіп дайындалды.Infobip байланыс платформасын ұсынды, ал компания қызметкерлері қысқа мерзім ішінде чат-ботты әзірлеп, іске қосуға қолдау көрсетті.

«Бүгінде жауапкершілігі бар кез-келген бизнес қолда бар мүмкіндік пен инновацияны COVID-19 пандемиясына қарсы қолдану туралы ойлану керек. Қолданушыларға ыңғайлы арналар арқылы ақпаратқа қолжетімділікті ұйымдастыру мекемелер үшін негізгі қажеттіліктің бірі. Қазіргі жағдайда ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды міндетке айналып отыр», - деді Infobip компаниясының Орталық Азиядағы аймақтық директоры Искандер Қалыбеков.

Әлемнің бірқатар денсаулық сақтау министрліктері халықты коронавирус туралы ақпараттандыру үшін WhatsApp арнасын қолданады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы, Сингапур үкіметі, Израиль мен Оңтүстік Африканың Денсаулық сақтау министрліктері, Индонезияның ақпарат және коммуникациялар министрлігі соның қатарында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT