+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Қазақстандықтар коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыра алады

2020 жылғы 26 наурыз 11:45
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыра алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар коронавирусты анықтау тестін ақылы тапсыра алады. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, бізде елімізге мұндай экспресс-тесттерді жеткізетін бірнеше демеуші бар. Қазіргі уақытта бірнеше компанияға бір рет әкелуге рұқсат беріп те қойдық. Бірінші топтамасы осы аптада жеткізіледі. Экспресс-тестілеу «Олимп» зертханасының базасында жүргізіледі. Бұл жедел-тесттер иммуноферментті сараптама әдісіне негізделген. Пациенттің қанында антиденені анықтайтын болады. Яғни, ауруып жүргендерде немесе жеңіл түрімен ауырып, жазылғандарды анықтайды», - деді комитет төрағасы министрліктің Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода.

Оның атап өтуінше, ҚР ДСМ коронавирусты анықтау үшін тестілеуден әлеуметтік әлсіз топқа кіретін пациенттерді өткізеді. Оларға ең алдымен дәрігерлердің есебінде тұрған тыныс алу органдарында созылмалы аурулары бар адамдар, вирус жұқтыру тәуекелі тобына кіретін адамдар, қарттар және 18 жасқа дейінгі балалар кіреді. Дегенмен, бұл санаттағы адамдардың нақты қайсысы тесттен өтетіндігі қазіргі уақытта нақтыланып жатыр.

«Олимп» жекеменшік зертханасы мұндай тестілеуді ақылы түрде де өткізетіні белгілі болды.

«Ал біз тестті полимеразды тізбекті реакция-диагностикасы әдісімен нақты ауру жұқтыруы мүмкін науқастарға тегін жүргіземіз», - деді Л.Бюрабекова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT