Қазақстандықтар Конституция күні қалай демалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамызда демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы айдың 30 тамызы еліміздің негізгі мемлекеттік мерекелерінің бірі – Конституция күні аталып өтіледі. Қазақстан Республикасындағы мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады. Ал биыл Конституция күні сейсенбі күніне тура келеді. Осыған орай өткен жылдың соңында Үкімет басшысының арнаулы қаулысы шыққан болатын. Онда демалыс күні 2022 жылғы 27 тамыздағы сенбіден 2022 жылғы 29 тамыздағы дүйсенбіге ауыстыруға қаулы етілген еді.

Демек, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі), ал алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі). Күндері демалыста болады. Жалпы бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады.


Соңғы жаңалықтар