+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстандықтар Қайырымдылық күнін атап өтуде

2021 жылғы 9 қазан 12:27
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар Қайырымдылық күнін атап өтуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 9 қазан күні «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған Қайырымдылық күні мерекесі өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылады Қазақстанға қай елдерден ең көп инвестиция тартылды Ақылы жолдардың апатты учаскелерінде төлем алынбайды

Мереке тұжырымдамасына сай еліміздің әр өңірінде оффлайн немесе онлайн форматта «ізгілік кеңестері» бар стенд орналастырылған, кез келген адам ондағы карточканы алып, көрсетілген қайырымды істі жасап, ол жөнінде әлеуметтік желілерде Марафонның ресми парақшасын белгілеп және тэгтей отырып бөлісе алады.

Акцияны Алматы, Атырау, Қостанай, Павлодар және Ақтөбе облыстарында оффлайн режимде қолдады.

Талдықорған қаласындағы «Атамекен» СҮ-де «Қайырымдылық жүрегі» инсталляциясын орнатты. Бүгінде инсталляциядан 120-дан астам «ізгілік кеңестері» орындалды, ал жаңа карточкалар қажеттілікке байланысты пайда болады.

Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта «Қайырымдылық жүрегін» адамдар көп шоғырланатын түрлі жерлерге көшіру жоспарланып отыр.

Ақтөбеде «ізгілік кеңестері» стендін орнатудан бөлек, «Жас сақшы» еріктілер тобы Ұлттық қайырымдылық күнін мерекелеуге орай облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен студенттер арасында волейбол турнирін өткізуге бастамашылық етті. Іс-шара шеңберінде қайырымдылықтан түскен барлық қаражат мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Алаш» қоғамдық ұйымының төрағасы Әлібек Нұрбайұлының емделуіне беріледі.

Ал Павлодар қаласында 9 қазан күні «Batyr Mall» СҮ-де Ұлттық қайырымдылық күніне орай акция өткізіледі. Бұл күні қала тұрғындарын жақсылық жасап акцияны қолдауға шақырады: қан тапсыру, панасыз жануарларды тамақтандыру, қоғамдық көлікте орын беру және т.б.

Ұлттық қайырымдылық күнін мерекелеуге қатысқысы келетін қостанайлықтар «Жастар сарайына» бара алады: онда ізгілік кеңестері бар инсталляция орнатылған, кез келген адам ондағы карточканы алып, көрсетілген қайырымды істі жасап, ол жөнінде әлеуметтік желілерде Марафонның ресми парақшасын белгілеп және тэгтей отырып бөлісе алады.

Акцияны Қазақстанның барлық өңірінде онлайн-форматта қолдады: желі қолданушылары @qaiyrymdy_ister_marafony ресми аккаунтынан табуға болатын «ізгілік кеңестері» бар AR-маскасын белсенді пайдаланады.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы осы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде басталған болатын. Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT