USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстандықтар қайта вакциналаудан қалай өткізіледі

2021 жылғы 15 қазан 16:56
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар қайта вакциналаудан қалай өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде ревакцинация қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 120 мыңға жуық тұрғынға ревакцинация жасалды Қызылорда облысында 50534 адам ревакциналаудан өтті Алматы облысында 133 мың адам ревакцинация курсынан өтті

«Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының халқын иммундау жөніндегі консультациялық комиссиямен бірге халықты қайта вакциналаудың тәсілдерін пысықтады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау шарасының толық курсын өткеннен соң,6-9 айдан кейін қосымша дозасын егу ұсынылады, - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша:

- векторлы (Спутник V) вакцина алған тұлғаларға 9 айдан кейін инактивті вакцина ( Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) егу;

- инактивті (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцина алғандарға 6 айдан кейін векторлы екпе ( Спутник V) салу ;

- «мРНК-вакцина» (Pfizer – ред.) алған тұлғаларға 6 айдан кейін инактивті ( Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлы ( Спутник V) екпе салу жоспарланған.

«Сондай-ақ, бірізді екпе түрін салу арқылы қайта вакциналануға жол беріледі», - деп нақтылады министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT