Қазақстандықтар кәріс тағамдарын әзірлеуді үйренуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Корей мәдени орталығы қазақстандықтар үшін 13 апта бойы кәріс тағамдарын әзірлеу бойынша курс ұйымдастырып жатыр. Курс онлайн форматта өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Корей халқының бай дастархан мәзірімен қазақстандықтарды таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шара 4 наурызда басталды және ол 27 мамырға дейін жалғасатын болады. Әр айдың тақырыптық атаулары бар.

Кәріс тағамдарын жақсы көретіндер үшін түрлі тақырыптарға таңдау қойылған. Сонымен бірге үйренуші аспаздар үшін видео-сабақтар әзірленген. Ол видео сабақтарды мәдени орталықтың желідегі парақшаларынан табуға болады.

Курсқа қатысушылар кәріс тағамдарының ішінде аса танымал «пибимпаб», «чачжанмён», «токпокки» сынбы тағы да басқа тағамдарды әзірлеп үйренеді. Сондай-ақ түрлі тағамдық тұздықтард ы жасаудың қыр-сырын біліп шығады.

Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан кәріс тағамдарын әзірлеуді үйрету бойынша көктемгі семестрдің ерекшеліктері туралы айтты.

«Биылғы көктемгі семестр алдын ала жүргізілген сауалнама бойынша таңдалған танымал кәріс тағадарын дайындау бойынша сақтардан тұрады. Бұл корей тағамдарын сүйсініп жейтін және оны әзірлеуді ұнататындар үшін жақсы мүмкіндік», - деді Ли Херан.

Айта кетейік аспаздық сабақтарына кез келген адам қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар