Қазақстандықтар карантин талабын сақтамағаны үшін 2 млрд теңге айыппұл төлеген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда карантин шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік және қаржылық жауапкершілік жүктеледі. Бұл жайында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, әкімдіктердің, қоғам белсенділері менполиция қызметтерінің өкілдері мемлекеттік органдар айқындаған санитариялық-карантиндік іс-шараларды сақтау тұрғысынан ШОБ объектілеріне мониторинг жүргізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Мониторинг негізінен қоғамдық тамақтану, сауда нысандары, сонымен қатар адамдардың көп шоғырлануымен бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарды қамтиды.

1 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірінде 180 998 рейд жүргізілді, 975 124 объект қамтылды.

Оның ішінде карантин талаптарын бұзушылық 26 667 (2,7%) нысанда анықталды.

Соның ішінде басым бөлігі ШҚО-да (5 344), Түркістан (4 399), Қарағанды (1 660) облыстарында, Алматы (3 906), Шымкент (2 452), Нұр-Сұлтан (1 580) қалаларында анықталды.

Негізгі заңбұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі, қонаққа бару кезінде шектеу режимінің сақталмауы, карантин талаптарына жауап бермейтін бұқаралық іс-шаралар өткізу.

4 067 жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша 3 742 ұйғарым берілді, 392 материал сотқа жолданды, 113 нысанның қызметі тоқтатылды.

Әкімшілік санкциялар 15 086 нысанға және 9 833 жеке тұлғаға салынды, жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам айыппұл өндірілді.


Соңғы жаңалықтар