Қазақстандықтар карантин кезінде ағылшын тілін тегін меңгере алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мұндай мүмкіндікті ел тұрғындарына Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Ағылшын тілінің негіздерін үйрету мақсатында өткізілетін онлайн курсты біліктілігі жоғары маман – Кристина Яичникова жүргізеді. Сабақ берушінің айтуына қарағанда, бұған дейін ол ағылшын тілін қашықтықтан үйретуден біраз тәжірибе жинап үлгерген.

«Мен осыған дейін онлайн режімде сабақ беруден біраз тәжірибе жинадым. Карантин уақытында сол тәжірибемен бөлісудің сәті түсіп отыр. Сабақты онлайн режімде жүргізу барысында ағылшын тілін аз уақыт ішінде меңгеру тәсілдерін де үйретуге тырысамын. Курста біз грамматика негіздерін қарастыратын боламыз. Ал жақсы нәтижелерге қол жеткізу мақсатында үй тапсырмалары беріліп, кейінгі сабақта қатысушылардың оны қалай орындағандығын тексереміз», – дейді Кристина Яичникова.

Айта кетейік, аталмыш сабақтар аптасына бір рет Instagram парақшасында және Youtube каналында тікелей эфирде жүргізілетін болады. Әр сабақтың ұзақтығы: 1 – 1,5 сағат.

2 айға созылатын тегін курстың алғашқы сабағы 1 сәуірге белгіленген.


Соңғы жаңалықтар