+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстандықтар қанша зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсады

2021 жылғы 28 мамыр 14:36
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар қанша зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 1,3 триллион теңге (шамамен 60%) зейнетақы төлемдері тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалған. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚазАқпарат» ХАА алаңында өткізген бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестік туралы Open Space-те айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында тұрғын үй құрылысы қарқыны қалай Елордада тұрғын үй меншік иелері бірлестігінің орталығы ашылды «Елорда көршілері» тұрғын үйді басқару және дамыту бағдарламасы іске қосылды

«1,3 триллион теңге (шамамен 60%) зейнетақы төлемдері тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсалды, оның 46%-ы (621 млрд.теңге) - ипотекасыз тұрғын үй сатып алуға (толық өтеу), 25%-ы (336 млрд.теңге) ипотекалық несие бойынша қарызды жабуға (ішінара немесе толық), 14%-ы (194 млрд.теңге) жинақталған зейнетақы төлеміне, 6%-ы (75 млрд.теңге) «Отбасы» банктегі ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін, 3%-ы (40 млрд.теңге) бастапқы төлемды құрайды», - дейді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Департаменттің хабарлауынша, тіркелген сатып алу-сату мәмілелерінің саны (2021 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін 175 040) тұрғындар тарапынан сұраныстың артқанын көрсетеді. Алайда, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері құрылыс салушыда Бірыңғай оператордың кепілдігі болмаса, тұрғын үйді құрылыс сатысында сатып алу мүмкіндігін жоққа шығарады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT