Қазақстандықтар қанша зейнетақы жинады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы шілденің басында қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 8,4 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Сенат депутаттарымен өткен кездесуде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының көлемі 8,4 трлн теңгеге жетіп, оның ішінде 63 пайызы жарналар есебінен, 37 пайызы инвестициялық кірістер есебінен қалыптасты», - деді Наурызбаева.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жыл мен 2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция қарқынынан жоғары тұр.

«Жалпы, зейнетақы жинақ жүйесінің барша қызметі кезінде жинақталған кірістілік деңгейі 481,1 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде жинақталған инфляция (474,2 пайызы) деңгейінен артық. Атап айтқанда, зейнетақы жарналары бойынша оңтайлы қарқын байқалып отыр», - деді Н. Наурызбаева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда зейнетақы жинақтары бойынша ерлердің үлесі басым.

Мәселен, міндетті зейнетақы жинақтары тұрғысында 9,2 млн шоттың 53 пайызы - ерлерге (4,9 млн), ал қалған 47 пайызы (4,3 млн) әйелдерге тиесілі болып отыр.

Соңғы жаңалықтар