Қазақстандықтар «Канело» мен Ковалев жекпе-жегін қайдан көре алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 қараша таңында Лас-Вегастағы (АҚШ) MGM Grand аренасында жартылай ауыр салмақ санатында ресейлік Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) пен мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 35 КО)WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы белдігіне таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық бокс жанкүйерлері жекпе-жекті «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирден көре алады. «Qazsport», «Qazaqstan» телеарналары осы бокс кешінің андеркардында қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың (12-0, 8 КО) да кезекті жекпе-жегін көрсетеді. Ол орта салмақта мексикалық Кристиан Оливаспен (16-5, 13 КО) WBC (USNBC) белдігі үшін айқасады. Бұл туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Көрсетілім елорда уақытымен 06:25-те басталады.

Соңғы жаңалықтар